18-10-24 |
6270 рет қаралған
Қазақ тіліне қақырғаны бар Черчесовті министр мен федерация ақтап отыр.
Қазақ тіліне қақырғаны бар Черчесовті министр мен федерация ақтап отыр

Мемлекеттік тіл кемсіткен Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов төңірегіндегі сынға спорт және турзим министрі Ербол Мырзабосынов араласып, Черчесовке қонақжайылық танытып, дархан мінез көрсетіп, кешірім қарауға шақырды.

Әрине, Станислав Черчесовтің «француз тіліне» қатысты қалжыңы орынсыз болды. Мұны Қазақстан футбол федерациясы да, бапкердің өзі де бек түсінеді.

Дегенмен, Черчесовтің басты міндеті – ұлттық құраманы жаңа деңгейге шығару. Ендеше, оған ең алдымен кәсіби қызметіне қарап баға беруге шақырамын.

Біз қашаннан қонақжай, дархан мінезді, кешірімді елміз. Бізді мықты ел ететін де осы қасиеттер. Сондықтан мәселені одан әрі өршіте бермей, халқымызға тән кеңпейілдік танытқанымыз абзал.

Кез келген даулы мәселені ақыл-парасатпен шешетін толерантты, өркениетті, яғни дана қоғам екенімізді көрсете білейік.

Станислав Черчесов – халықаралық деңгейдегі танымал футболист әрі 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы. Сондықтан ол түбінде қазақстандық жанкүйерлердің сенімін ақтап, ұлттық құраманы қазіргі күрделі кезеңнен абыроймен алып шығады деп сенемін.

Бәріміз мүддесі ортақ футбол жанашырлары ретінде бір-бірімізді қолдап жүрейік!

Черчесов 13 қазанда Алматыда Словения құрамасымен ойыннан кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске «французша сөйлеп тұрсың ба?» деп жауап қатқан. Желі қолданушылары осыдан соң ресейлік бапкер Черчесовті «мемлекеттік тілді мұқатып, кемсітті» деп сынға алды.

Осыдан кейін Қазақстан туризм және спорт министрлігі футбол федерациясынан түсініктеме талап етіп, ресми сауал жіберген. Іле-шала Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеме жасаған еді.

Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндірі өту қажет деп санайды.

Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын.

Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.