21-07-22 |
810 рет қаралған
Қазақстан атынан әлем чемпионатына қатысқан спортшы алтын медаль алды.
Қазақстан атынан әлем чемпионатына қатысқан спортшы алтын медаль алды

АҚШ та өтіп жатқан жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионатында Қазақстан атынан әлем чемпионатына қатысқан кениялық атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден чемпион атанды.

Осылайша Қазақстаннан жеңіл атлетикадан әлем чемпионы шықты.

Ольга Шишигина да, Ольга Рыпакова да әлем чемпионатында алтынға жете алмаған еді, олқылықтың орнын толтыру үшін Даниал Ахметов басқаратын жеңіл атлетика федерациясы осы жолды таңдады.

Джеруто сөреден шыға сала лидерлікте болған соңына дейін бірінші орынды берген жоқ.

Ол мәре сызығын кескенде әлем чемпионатының рекордын орнатты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.