arasha.kz

Қырғыз балуаны: Бүгін болмаса мен қашан күресем? Бүгін жеңбесем қашан жеңемін?

Токиода өтіп жатқан олимпиада ойындарында Қырғыз балуаны Ақжол Махмұтов (77 кг) грек-рим күресінен финалға шықты. Бұл туралы azattyq-тың спорт шолушысы Руслан Меделбек жазды.

«Қырғыз жұртын грек-рим күресінен Ақжол Махмұтовтың (77 кг) финалға шығуымен құттықтаймын. Жанып тұрған бала екен. Ертең финалда жолы болғай. Үш қарсыласын бірнеше әдіспен жап-жақсы жеңді. Белдесуден соң Ақжол «әр кездесу, әр секунд, әр минут маңызды болды. Бүгін болмаса мен қашан күресем? Бүгін жеңбесем қашан жеңемін? Мұндай мүмкіндік әркімге әрдайым беріле бермейді» деді. Қырғызстан тарихтағы алғашқы алтынын алса деген тілек», – деп жазды Р.Меделбек.
Ал қазақ балуандарының жеңілісін ұлттық құраманың бас  бапкері Бақтияр Байсейітов балуандар бапкердің айтқанын істемегеннен болды деді. Қазақ балуандарынан ертең, 3 тамыз күні 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Тұрсынов күреседі.
фото: Руслан Меделбек/facebook.com/
Exit mobile version