Біз
әлеуметтік
желіде
15-05-25 |
480 рет қаралған
Шавкат Рахмонов Қазақстан азаматтығын Өзбекстан азаматтығына ауыстырды-UFC сайты.
Шавкат Рахмонов Қазақстан азаматтығын Өзбекстан азаматтығына ауыстырды-UFC сайты

UFC — ең мықты аралас жекпе-жек лигасы ресми сайты спортшы Шавкат Рахмоновқа қатысты қателік жіберді, деп хабарлайды sport.orda.kz

Жақында орта салмақтағы спортшыларға арналған жаңа жарияланымда UFC сайтының авторлары Рахмоновты Өзбекстанның өкілі деп көрсеткен.

Шавкат Рахмонов Қазақстан азаматтығын Өзбекстан азаматтығына ауыстырды-UFC сайты

Фото: сайттан скриншот www.ufc.com (14.05.2025)

Мұндай ақпарат мақаланың өзінде де, Шавкат профилінде де тұр.

Шавкат Рахмонов Қазақстан азаматтығын Өзбекстан азаматтығына ауыстырды-UFC сайты

Фото: сайттан скриншот www.ufc.com (14.05.2025)

Рахмоновтың өзі азаматтықтың өзгергенін жарияламады және оны жариялауы екіталай. Барлық сұхбаттар мен жеке әңгімелерде Шавкат Рахмонов өзінің Қазақстан азаматы екенін және өз өмірін Қазақстанмен байланыстыратынын әрдайым атап көрсетеді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.