Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытудың қазіргі проблемалары мен перспективалары жөнінде арнайы кеңес өткізіп, спортқа бөлінген қаражатты қатаң бақылауға алуды тапсырды. Кеңеске мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, салалық министрліктер мен өңір әкімдері қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес спорт саласы одан әрі реформалауды талап етеді. Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік органдардың алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды.
“Биыл халықтың спортпен шұғылдануын кемінде 35% нәтижеге жеткізе отырып (бүгінгі күні – 31,6%), нысаналы көрсеткіштерді қайта қарау тапсырылды. Ол үшін әкімдіктерге мемлекеттік спорттық тапсырыс көлемін ұлғайту, қосымша балалар, жасөспірімдер клубтарын, балалар-жеткіншектер спорт клубтарын ашу, мектеп және студенттер спорт лигаларының жұмысын қайта бастау есебінен балаларға арналған тегін спорт секцияларын кеңейту тапсырылды. Сондай-ақ Қостанай, Атырау және Маңғыстау облыстарында спорт мектеп-интернаттарының болмауына байланысты осы өңірлердің әкімдіктеріне олардың құрылысын бастау мәселесін шешу тапсырылды”, – делінген хабарламада.
Осы жылдың соңына дейін әкімдіктерге 43 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау, Work-out алаңдары мен басқа да шығынсыз спорт ғимараттарының желісін кеңейту тапсырылды.
Спорт нысандарының толық жүктелуіне ерекше назар аудару тапсырылды. Оның ішінде:
- «Nur Otan» партиясының мамандандырылған спорт мектептері оқытушыларының жалақысын 2023 жылға дейін екі есе арттыру, 2025 жылға дейін әрбір ауылдық округті спорт нұсқаушысымен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы іс-шараларының орындалуын ерекше бақылауға алу.
- Бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру.
- Спорт объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру.
- Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.
- Үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, кәсіби спортшыларды, оның ішінде ұлттық құрама командаларын даярлау тәсілдерін қайта қарау және бұқаралық, кәсіби спорт үшін спорт мамандарының (спорт психологтары, биомеханиктер, биохимиктер, диетологтар және т. б.) тапшылығы мәселесін шешу бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу тапсырылды.
- Спортқа бағытталатын бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың тиімді жұмсалуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету.
- Сала алдында тұрған жаңа міндеттерді ескере отырып, 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі қабылданған кешенді жоспарды қайта қарау.
- Мәдениет және спорт министрлігінің елде бұқаралық және балалар спортын дамыту бөлігіндегі өкілеттіктерін кеңейтетін заңнамалық түзетулерді қабылдауды қамтамасыз ету.
Бұқаралық және балалар спортын дамыту мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында болады.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024