arasha.kz

Үкімет спортқа бөлінген қаражаттың бір тиынына дейін бақылауға кірісті

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытудың қазіргі проблемалары мен перспективалары жөнінде арнайы кеңес өткізіп, спортқа бөлінген қаражатты қатаң бақылауға алуды тапсырды. Кеңеске мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, салалық министрліктер мен өңір әкімдері қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес спорт саласы одан әрі реформалауды талап етеді. Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік органдардың алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды.

Биыл халықтың спортпен шұғылдануын кемінде 35% нәтижеге жеткізе отырып (бүгінгі күні – 31,6%), нысаналы көрсеткіштерді қайта қарау тапсырылды. Ол үшін әкімдіктерге мемлекеттік спорттық тапсырыс көлемін ұлғайту, қосымша балалар, жасөспірімдер клубтарын, балалар-жеткіншектер спорт клубтарын ашу, мектеп және студенттер спорт лигаларының жұмысын қайта бастау есебінен балаларға арналған тегін спорт секцияларын кеңейту тапсырылды. Сондай-ақ Қостанай, Атырау және Маңғыстау облыстарында спорт мектеп-интернаттарының болмауына байланысты осы өңірлердің әкімдіктеріне олардың құрылысын бастау мәселесін шешу тапсырылды”, – делінген хабарламада. 

Осы жылдың соңына дейін әкімдіктерге 43 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау, Work-out алаңдары мен басқа да шығынсыз спорт ғимараттарының желісін кеңейту тапсырылды.

Спорт нысандарының толық жүктелуіне ерекше назар аудару тапсырылды. Оның ішінде: 

Бұқаралық және балалар спортын дамыту мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында болады.

Exit mobile version