08-09-20 | 08:52
Sputnik V вакцинасының алғашқы партиясы азаматтық айналымға шықты.
Sputnik V вакцинасының алғашқы партиясы азаматтық айналымға шықты

Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қарсы Sputnik V вакцинасының азаматтық айналымға шыққанын хабарлады. Екпенің алғашқы партиясы Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми зерттеу институтында өндірілген.
«Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алатын “Гам-Ковид-Вак” (Sputnik V) вакцинасының алғашқы партиясы зертханаларда тиісті сынақтан өтіп, азаматтық айналымға шығарылды», – деді денсаулық сақтау саласын бақылау жөніндегі Федералдық қызметтің баспасөз қызметі.
Таяуда вакцинаның алғашқы партиясы Ресейдің аймақтарына жөнелтілетін болады. Гамалея атындағы институт ғалымдарының мәлімдеуінше, қыркүйектің ортасынан бастап халыққа жаппай екпе салынуы тиіс. Бұған қоса, көршілес елдің ғалымдары Sputnik V вакцинасын клиникалық тұрғыда зерттеудің үшінші кезеңін бастайды. Мәскеу емханаларында жүргізілетін сынаққа 40 мың ерікті қатысады деп жоспарланып отыр.
Айта кету керек, Қазақстан Ресейден осы вакцинаны сатып алуға байланысты келісімшарт жасап қойған. Көршілес елдің тікелей инвестициялар жөніндегі қоры және «СК-Фармация» компаниясы тиісті сынақтар аяқталған соң «Спутник-V» екпесінің кепілді көлемін бөлу жөніндегі құжатқа жуықта қол қойған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.