Субсидияның ақшасына «ауаға» көшет отырғызумен айналысқандар істі болды.
Субсидияның ақшасына «ауаға» көшет отырғызумен айналысқандар істі болды

Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеутай Рахымбеков министрліктегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтып берді.

 

«Бұл туралы тек мойындап қана қоймай, өзіміз де айттық. Тамыз айында ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшылық келгеннен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығымен кездесу ұйымдастырылды», – деді Рахымбеков. 

Бүгінде оның айтуынша, субсидиялау жүйесін жетілдіру, оның ішінде бүкіл жүйені оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ ол өңірлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қалай қалыптасатынын айтып берді.

«Ережеге сәйкес мамыр айында егіс жұмыстары жүргізіледі деп көзделген болатын. Бір айдан кейін облыс әкімдігінің комиссиясы егіс алқаптарына шығып, шынымен көшеттер бар деген акт жасайды. Облыс әкімдігінің мамандар бірнеше күнде 400 мың  көшет отырғызатын учаске бар ма деп тексеру жүргізеді. Олар техникасы жері жоқ болса да көшет отырғыздық деп ақпарат беріп отырады. Мәне барлығы осыдан басталды», – Бұл ретте министрліктің бірнеше жылдан бері субсидия бөлумен тікелей айналыспағанын атап өтті.

«Бағдарламаның әкімшісі ретінде біз қаржы министрлігіне өтініш жасаймыз, қаржыны парламенттен өтейді. Одан кейін ақша облыстық әкімдіктерге аударым ретінде түседі», – деді Рахымбеков.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы саласында 960 қылмыс тіркелгенін айтты. Қылмыстық жауапкершілікке 450 адам тартылды. Дәл осындай схемалар жылдан жылға субсидияларды ұрлау үшін қолданылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.