Ғалымдар латын графикасына негізделген жаңа латын әліпбиінің нұсқасын ұсынды. Бұл туралы arasha.kz хабарлайды.
А.Байтұрысынов атындағы Тіл білім институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек латын графикасына негізделген жаңа нұсқаны жария етті.
Жаңа нұсқаға қатысты Ерден Қажыбек: «Халықаралық Түркі академиясы, ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрамындағы «Қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі» жұмыс тобының ұсыныстары негізінде төмендегі нұсқаны қабылдау мақсатқа сай санаймыз» деп жазды.
Және де «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында және кең ауқымды сынақтан өткізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы «Жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы жаңа Жарлығы аса қажет» екенін айтады.
Бұған дейін президент Тоқаев мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға латын әліпбиін жетілдіру туралы тапсырма берген еді.
2017 жылы 27 қазанда сол кездегі президент Н.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойған еді. Жарлықпен бірге бекітілген латын әліпбиінің нұсқасы қоса жарияланған болатын.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024