13-12-18 | 14:01
Бұзақылық жасаған полицей жұмыстан шығарылды.
Бұзақылық жасаған полицей жұмыстан шығарылды

Түркістан облысы Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкері Бексұлтан Кеңесов “бұзақылық” жасағаны үшін жұмыстан босатылды, деп жазады Азаттық.

Желтоқсанның 12-і күні шымкенттік белсенді Руслан Жанпейісов өзінің Instagram парақшасында Бексұлтан Кеңесовтың белгісіз бір жігітті ұрып, бетіне түкірген видеосын жариялаған еді. Видео әлеуметтік желілерге тарап, қызу талқыланған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы видеодағы полиция қызметкерінің іс-әрекеті байланысты Қылмыстық Кодекстің 293-бабы (“Бұзақылық”) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“Сонымен бірге, облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүзгізді. Нәтижесінде Шардара аудандық полиция бөлімінің полицейі қызметінен босатылды. Полиция қызметкері бұл әрекетін қызғаныштан жасағаны анықталды” делінген хабарламада.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.