27-12-19 | 21:11
Талғат Мұсабаев: Bek Air жақсы компания.
Талғат Мұсабаев: Bek Air жақсы компания

фото: inform.kz

Ғарышкер, сенатор Талғат Мұсабаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, ұшағы апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясы туралы ойын айтты. sputniknews.kz .

“Апаттан қаза болғандардың туыстары мег жақындарына көңіл айтам. Зардап шеккендердің сауығып кетуін тілеймін.Авиацияның аты – авиация. Өмірімде ұшқыш болған көптеген достарымнан айырылдым. Егер Bek Air компаниясы туралы айтсақ, менің жеке пікірім бойынша, ол жақсы компания. Қазақстандағы деңгейі де әжептәуір жақсы. Бұл нарыққа өз күшімен кірді. Ешқандай мемлекеттік қолдау жоқ. Техника да жақсы. Әлемдегі көптеген әуе компаниялары осындай, техниканы қолданады, әлгі Fokker-100” деген Т.Мұсабаев.

Қайыра айтсақ, бүгін Алматыда Bek Air әуе компаниясына қарайтын Fokker-100 ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан сәтте апатқа ұшырады. Апаттан 12 адам қаза тапты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.