24-02-21 | 15:22
Талдықорғанда коттеджді қалашық тұрғындары газға 16 миллион теңге қарыз.
Талдықорғанда коттеджді қалашық тұрғындары газға 16 миллион теңге қарыз

Талдықорғанда 200-ден аса баспана иесі газ төлемі үшін 16 миллион теңге берешек арқалап есі шығып отыр. Мәселені шешу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат ТҰРЛАШОВ аталған қалашықта болып қайтты.

Бұл туралы «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты жергілікті ақпарат көздерін негізге ала отырып хабарлайды.

Анықталғандай, бұндай қомақты сома 2019 жылдан жинала бастаған. Яғни, сол тұста жаңа қонысқа көшіп келген  «Береке» коттедж қалашығының тұрғындары қолдарында үйдің құжаттары болмаған соң төлемді уақтылы төлей алмаған.

Қарыз иелері бір ауыздан: «Бастапқыда коммуналдық қызметтер үшін қайда, кімге, қанша төлерімізді  білмедік» дейді.

«Береке» коттедж қалашығының пәтер иелері кооперативі жетекшісі де бұл уәжді растайды.

«Ең басында тұрғындардың жеке счеті болмаған соң «КСК»-дан сұрай бастады. «Газды қайда, кімге төлейміз?» деп. Келісім шарт болмаған соң олардың қарыздары бүгінге дейін жинала берді. Шамамен 100 ден асады қарыздары», – дейді жетекші Дина Төлеулиева.

Осылайша, айдың күннің аманында қарыздар болып шыға келген тұрғындар мәселесінен әкімдік  те әлдеқашан құлағдар болып шықты. Тиісінше, олар тұрғындар алдындағы кездесуде даулы тақырыптағы екінші тарап – «ҚазТрансГаз Аймақ» басшылығымен келісті.

«Ертеңнен бастап «ҚазТрансГаздың» азаматы осында келіп отырады. Ол мына сіздердің қарыздарыңызды шетінен төлете бастайды. Қарыздарына қарайсыңдар ғой енді («ҚазТрансГаз» өкіліне қарата – ред.), біз өстіп келіскенбіз. Тым көп қарыздарды ұзақ мерзімге, негізі 6 айға келісілген», – дейді Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.