Талдықорғанда митингке шыққандар сотпен ескерту алды.
Талдықорғанда митингке шыққандар сотпен ескерту алды

Талдықорған әкімшілік соты 1 қаңтарда 1,5 сағат бойы митинг ұйымдастырған белсенділерге қатысты шешім шығарды. Сот алқасы наразылыққа шыққандарға қатысушы ретінде қарап, ескерту берумен шектелді.

8 ақпан күні Талдықорған әкімшілік сотымен «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңнаманы бұзған бір топ азаматтарға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотқа жеткен іс туралы 1 ақпан күні әлеуметтік желіде жарияланған. Онда Талдықорған қаласында бір топ адамның митинг өткізгені жазылған.

Белгілі болғандай, митингтің рұқсат етілмегендігі анықталып, белсенді тұлғаның біріне ұйымдастырушы, ал қалған тұлғаларға қатысушы деген мәртебе беріліп Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 488-бабының бөліктерімен хаттамалар толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.

«Сот іс материалдарын зерделеп, құқық бұзушылардан жауап алып, жауапқа тартылушылардың мінез құлқына баға бере келе, сотқа ӘҚБтК-тің 488-бабының 7-бөлігімен берілген К.-ның іс-әрекеті ӘҚБтК-тің 488-бабының 6-бөлігіне қайта сараланып «ұйымдастырушы мәртебесі қатысушы болып өзгертіліп» сотқа берілген тұлғалардың барлығы кінәлі деп танып, барлығына тек «әкімшілік ескерту» берумен шектелді»,-деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk