«Талибан» қозғалысын террористік ұйым қатарынан шығаруды сұраған Ресей ұсынысына Қазақстан үнсіз.
«Талибан» қозғалысын террористік ұйым қатарынан шығаруды сұраған Ресей ұсынысына Қазақстан үнсіз

Ресейдің «Талибан» қозғалысын террористік ұйымдар қатарынан шығару жайлы ұсынысына қатысты Қазақстан билігі пікір білдіре алмай отыр. Қазақстанның халықаралық мәселелер бойынша арнайы өкіл Мұхтар Тілеубер көрші елдің ұсынысына қатысты ештеңе айтпады.

Мұхтар Тілеубердің айтуынша, тәліптер қазақстандық вакцинаға қызығушылық танытып отыр.

«Әзірге 5 000 тонна ұн жіберу жайлы шешім қабылданды. Ұн Ауғанстанға жеткізілді. Бұдан басқа көмек көрсету жайлы сұрақ көтерілмеді. Алайда Ауғанстан билігі қазақстандық вакцина түріндегі гуманитарлық көмек көрсетуді сұрады», – деп хабарлады Мұхтар Тілеуберді. Бұл туралы «Информбюро» хабарлады.

Отандық вакцина жіберілетін жағдайда оның мерзімі мен көлемін үкімет бекітеді. 

Ведомство басшысы Азия мемлекеттеріне көрші елдерге көмек көрсету маңызды екенін айтты. Бұл есірткі трафигін азайтуға, діни экстремизм мен босқындар ағымын тоқтатуға септігін тигізеді дейді. Алайда Ауғанстанның қазіргі билігі Халықаралық одақтастықпен мойындалмаған.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.