Талибан үкіметінің уақытша құрамы жарияланды.
Талибан үкіметінің уақытша құрамы жарияланды

Ауғанстан үкімет құрамын жариялады. Мохаммад Хасан Ахун үкімет басшысы ретінде таныстырылды.

Талибан үкіметтің (ҚР-да террористік қозғалысқа тыйым салынған) жарияланған құрамы уақытша деп мәлімделді. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Талибан үкіметіндегі негізгі құрамы мынадай:

 СІМ басшысы – Әмір Хан Муттаки, Қорғаныс министрлігінің басшысы – Талибан лидері мулла Якуб, ІІМ басшысы – Саражуддин (Халифа) Хаккани, босқындар министрі –  Халил Хаккани, барлау басшысы – Абдул Хак Васик, экономика министрлігінің басшысы – Мохаммад Ханиф, Қаржы министрі – Хедаятулла Бадри, Орталық банк басшысы – Мухаммад Идрис.

Сондай-ақ «Талибан» саяси Кеңсесінің Басшысы мулла Барадар вице-премьер болғаны белгілі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.