06-07-20 | 17:46
Тапшы дәрі-дәрмектерді қымбатқа сатқан 21 адам ұсталды.
Тапшы дәрі-дәрмектерді қымбатқа сатқан 21 адам ұсталды

фото: polisia.kz

Коронавирус өршіп, көптеген дәрі-дәрмек тапшылығы туындағанда дәрілерді қымбатқа саудалаған 21 адам ұсталды. Олар ішкі істер министрлігі жүргізген арнайы рейд барысында құрықталған.

Рейдтің бірінші күні полицияға барлығы 21 адам жеткізілді, олардан 3500-ден астам дәрілік заттар тәркіленді, оның ішінде

“Ацетилсалицил қышқылы” – 2100 орам,

“Парацетамол” – 589 орам,

“Цефтриаксон” – 230 ампула, сондай-ақ 17 800 медициналық маска, бір рет қолданылатын 60 қолғап, 105 қорғаныс халаты (комбинезондар), 80 қорғаныс көзілдірігі, 79 термометр және 100-ден астам антисептикалық құралдар (300 литр) бар. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.