Тараз қаласындағы «Достық» алаңын Назарбаевтың атына беру туралы шешім талқылауға шығарылды

Ашық үкімет порталында Жамбыл облыстық мәслихатының Тараз қаласындағы «Достық» алаңын «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңы деп өзгертілуі туралы шешімі жарық көрді. Ұсыныс 31 мамыр күні шықты және 14 маусымға дейін қоғамдық талқылауға қойылған. Бұл туралы arasha.kz хабарлайды. Құжатта жергілікті тұрғындардың пікірі мен Республикалық ономастикалық комиссияның келісімі ескерілген. Аталған тапсырманың орындалуына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова жауапты. … Continue reading Тараз қаласындағы «Достық» алаңын Назарбаевтың атына беру туралы шешім талқылауға шығарылды