Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды.
Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов бүгін ҰҚШҰ саммиты аясында жаңа қызметке – ұйым Хатшылығы басшысы орнына тағайындалды.

Жоғарыда жүктелген жауапкершілікті бұған дейін Хатшылық басшысы қызметін үш жыл атқарып келген Беларусь Республикасы өкілі Зась Станислав Васильевич көтеріп келді, енді ұйым тарихында алғаш рет бұл қызметке Қазақстан елі өкілі – белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов тағайындалып отыр, деп жазды inbusiness.kz.

Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған шенеунік 1956 жылы 9 желтоқсанда қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk