20-03-20 | 12:05
Тасмағамбетова коронавирусты анықтайтын тест сатып алуға қаражат бөлді.
Тасмағамбетова коронавирусты анықтайтын тест сатып алуға қаражат бөлді

«Сәби» қайырымдылық қорының президенті және негізін салушы Әсел Тасмағамбетова мен қордың негізін салушы Кеңес Рақышев дәрілік заттарды сараптау орталығына 100 000 000 теңгеге коронавирусты анықтауға арналған 50 000 тест сатып алу арқылы көмек көрсетті. Сонымен қатар қор құны 10 000 000 теңгелік тыныс алуға арналған ИВЛ V8600 аппаратын да сатып алды.

Kaspi.kz Басқарма төрағасы Вячеслав Ким мен Kaspi.kz Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де бұл мақсатқа 100 000 000 теңге бөлді.

Covid-19 коронавирусының таралуынан туындаған күрделенген жағдайға қарай елде жарияланған ТЖ және Алматы, НұрСұлтан қалаларында жарияланған карантинге байланысты қиын кезеңде «Сәби» қоры «Медициналық жобасының» аясында Қазақстан тұрғындарына көмектесу туралы шешім қабылдады. Kaspi.kz басшылары осы маңызды бастамаға қосылуды шешті.

Коронавирусты уақытында, алғашқы күндері анықтап, вирусқа қарсы ертерек ем алу өмірлік маңызы. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын азайтады.

Мұндай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, ел болашағының алдындағы жауапкершілік.

Covid-19 коронавирусын анықтауға арналған 100 000 дана жедел тест «КДЛ Олимп» ЖШСне «Олимп» клиникалықдиагностикалық лаборатория базасында тұрғындар арасында тегін тест жүргізу үшін беріледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.