12-03-21 | 07:43
Теміртауда денесінің 95 пайызы күйген науқастың жағдайы ауыр.
Теміртауда денесінің 95 пайызы күйген науқастың жағдайы ауыр

Теміртаудағы «Арселор Миттал» компаниясында жарылыс тіркелді. Жылу орталығында жүргізілген денекерлеу жұмысы кезінде от тұтанып, екі адам күйіп қалған, деп хабарлайды Arasha.kz сайты «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 11 наурыз күні таңғы уақытта болды. Ыстыққа жақын тұрған бояу құйылған бөшке жарылып,  арты қызыл жалынға ұласты. Осы кезде цехта болған екі жұмысшы қашып үлгермеген.

Орталықтағы жөндеу жұмыстары тоқтап, апат салдарын тексеруге арнайы комиссия құрылды. Денесін күйік шалғандар ауруханаға шұғыл жеткізілген. 50 жастағы азаматтың кеудесі мен қол-аяғы өртке шарпылған. Ал 51 жастағы екінші жұмысшының денесінің 95 пайызы күйіп, ол ес-түссіз жатыр.

«Ауыр және терең күйік алған науқас Теміртадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жарақатының ауырлығына байланысты жолды көтере алмайтындықтын, Қарағандыға әкеле алмадық. Сол жерге білікті мамандарды жібердік. Денесінің 25 пайызы күйген екінші науқасты Қарағандыға жеткіздік», – деді Қарағанды облысы ДСБ ахуалдық орталық меңгерушісі Ерік Шонбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.