26-09-19 | 12:42
Теміржол билеттері 10 пайызға қымбаттады.
Теміржол билеттері 10 пайызға қымбаттады

Теміржол билеттері 10 пайызға қымбаттады. Бұл туралы теміржол жолаушылар тасымалы компаниясы хабарлады. Компания жария еткен ақпаратта 9 бағыттан өзге бағыттардағы билет құны 21 қыркүйектен бастап 10 пайызға өсетіні айтылған.

“Қазақстан  РеспубликасыныңИндустрия  және  инфрақұрылымдық  даму  министрлігі  Көлік комитетінің 2019 жылғы 9қыркүйектегі No 28-28-9/2920хаты негізінде 2019 жылғы 21қыркүйектен бастап мына
No 085/086 «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш»;
No 021/022 «Қызылорда-Семей»;
No 313/314 «Атырау-Маңғыстау»;
No 339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»;
No 373/374 «Алматы-Жезқазған»;No 377/378 «Алматы-Маңғыстау»;
No 603/604 «Нұр-Сұлтан-Арқалық» қатынастарындағы пойыздар және
No 085/086 «Қарағанды-Сарыағаш»;No 021/022 «Алматы-Семей»;
No 22/6941/6942/21 «Алматы-Достық»;
No 339-55/56-154 «Павлодар-Қызылорда» қатынастарындағы тіркеме/тікелей қатынайтын вагондардан басқа,«Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған әлеуметтік маңызы бар қатынастардағыпойыздар  тарифінің 10 %-ға өсетінін хабарлаймыз” делінген компания таратқан хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.