11-09-20 | 13:06
Тимур Құлыбаев және оның командасы.
Тимур Құлыбаев және оның командасы

Билікке жақын саясаттанушы деп сипатталатын Ербол Еділов telegram каналында “Тимур және оның командасы” деген атпен фотоколлаж жариялады.

 Фотоколлажда Тимур Құлыбаевтың ықпалында деп айтылатын түрлі құрылымдардағы адамдар көрсетілген. Олардың ішінде “Ақ жол” партиясының төрағасы Азат Перуашев, боксшы Серік Сапиев, боксшы Серік Қонақбаев, “Халық банкі” басшысы Үміт Шаяхметова, кәсіпкерлер: Қайрат Боранбаев, Кеңес Рақышев, Бауыржан Оспановтар бар. Соңғылары Форбс тізіміндегі ауқатты, бай адамдар қатарында.

Фотоколлажда аты аталған адамдардан басқа да көптеген адамдар көрсетілген.

Тимур Асқарұлы Құлыбаев экс-президент Н.Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы, ірі кәсіпкер, Форбс тізімінде Қазақстандағы ең ықпалды әрі бай адамдардың үздігіне кіреді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.