16-01-20 | 12:36
Тоқаев Мәсімовтың орынбасарын тағайындады.
Тоқаев Мәсімовтың орынбасарын тағайындады

Президент Қ.Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарын тағайындады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

“Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды” деді Б.Уәли.

Кәрім Мәсімов ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып 2016 жылы тағайындалған. 2019 жылы Қазақстанда билік өзгерді. Бірақ Мәсімовтің қызметі өзгерген жоқ. Мәсімов Тоқаев президент болғалы бері оның қабылдауында болған емес. Президент ҰҚК төрағасын қабылдады делінген ресми ақпарт та шыққан жоқ.

Кәрім Мәсімов экс- президент, қазіргі қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Назарбаевтың сенімді адамдарының бірі деп сипатталады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.