29-10-19 | 13:05
Тоқаев мас жүргізушілерді түрмеге қамауды ұсынды.
Тоқаев мас жүргізушілерді түрмеге қамауды ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде қасақана көлік жүргізген азаматтарды түрмеге тоғытуды ұсынды.

Алматыға келген сапарында мемлекет басшысы Қ. Тоқаев елдегі, соның ішінде әсіресе “оңтүстік астанадағы” жол-көлік апатының көптігіне қынжылыс білдіріп, жол ережесін қатаңдату керектігін айтты.

” Елдегі, әсіресе Алматыдағы жол-көлік апатының көптігіне алаңдаймын. Адамдар жарақат алып, қаза тауып жатыр. Зардап шеккендердің саны бойынша қарулы қақтығыс болып жатқан елдерден еш кем түсіп жатқан жоқ. Жол жүру мәдениеті құлдырап кетті. Жанжақты шара қолдану керек.

Мен қанша мөлшерде алкагольді қолданғанына қарамастан кез келген түрін пайдаланғаннан кейін көлік тізгіндеуге қатысты заңды қатаңдатуға бұйрық бердім. Бұл есірткі сияқты басқа да психотропты заттарға байланысты. Алкогольді ішімдік ішкен, есірткі немесе басқа да психотропты заттар қолданып, әдейі көлік жүргізгендерді түрмеге отырғызайық. Бұл біздің азаматтардың заңдық құқығына қарсы ауыр қылмыс. Жауапкершілігі төмен адамдардың осы іспеттес әрекеттеріне осылай жасау керек. Жасаған қылмысының ауырлығы мен әрекетіне қарай бас бостандығынан айыру керек, айыппұлды өсіріп, көлігін тәркілеу қажет, көлік жүргізу құқығынан айыру керек. Ендігі басқаша болмайды”, – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.