07-10-19 | 22:25
Тоқаев Путинді сөзбен қалай түйреді?.
Тоқаев Путинді сөзбен қалай түйреді?

Орыс сайттары, соның ішінде ru.sputniknews.kz “Валдай” халықаралық пікірсайыс клубының XVI отырысында Ресей президенті В.Путиннің Қазақстан президенті Қ.Тоқаевты сөзбен қалай түйрегенін үзінді видео етіп жариялады. Оны телеграм желісіндегі орыстілді кейбір блоггерлер бөлісті. Сөйтіп, Тоқаевты Путин сөзбен түйрегендей әсер қалдырды. Путинге ядролық қару және сол мәселедегі Ресей мен АҚШ қарым-қатынасына қатысты сұрақ қойылады. Путин сөзін: “Біз, бәріміз Құдайға бірдей жақынбыз. Жер бетіндегі сапарымыз аяқталған соң, кімнің қай жерде тұратынын сол анықтайды” деп сөзін әзілмен бастайды (төмендегі видеоның 7 минут 31 секундынан бастап көре аласыз). Ресей президенті сөзін аяқтағаннан кейін жүргізушінің бірі ядролық қару туралы сауалды Қазақстан президенті Қ.Тоқаевқа бағыттайды. Президент ә дегенде жүргізушінің сөзін ұқпай қалған сыңай таныты да: “Құдайға кімнің жақын екендігі туралы ма?” деп әзілдейді (төмендегі видеоның 11 минут 34 секундынан бастап көре аласыз). Тоқаевтың қалжыңына зал ду күледі. Қазақстан президентінің сөзбен түйреп өткені Путинге жақпай қалған болса керек, Тоқаев сөйлеп біте бергенде Путин: “Саддам Хусейн де солай ойлаған” деп Тоқаевты қағытады (төмендегі видеоның 13 минут 14 секундынан бастап көре аласыз).

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.