25-09-19 | 15:04
Тоқаевты әлемдегі тұрақсыздық қатты алаңдатады екен.
Тоқаевты әлемдегі тұрақсыздық қатты алаңдатады екен

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының жалпы дебатында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент өз сөзінде әлемдегі тұрақсыздыққа қатты алаңдайтынын айтыпты. Ол айтқандарына төрт түрлі факторды көлденең тартқан: әлемде қақтығыстар күйшейіп, әлемдік державаларды соғыс жағдайына жеткізген; ұзақ мерзімді санкциялар, сауда соғысы, ғарыштағы бақталастық артқан; ғаламдық арыз артқан; протекционизм мен ұлтшылдық саясатының күшеюі халықаралық әріптестік пен ынтымақтастыққа кедергі келтіріп отыр; қоршаған ортаның тозуы және Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі даланың шөлге айналуына, мұздықтардың еруіне және ауыз су мен ағын судың қайнар көзінің тартылуына әкеліп соғатыны біздің президентті қатты алаңдатады екен. Осындай әлемдік мәселелерге алаңдаушылығын Тоқаев БҰҰ ның мінберінен бүкіл әлемге айтты.

Иә, әлемде проблема көп екені рас. Бірақ Қазақстан геосаясатта әлемдік ойыншысы емес. Дамушы елдердің бірі әрі саяси реформа жүргізілмеген, экономикалық дамуы тежеліп келе жатқан сондай-ақ қоғам мен билік арасындағы сенім мәселесі үлкен проблемаға айналып, елді жемқорлық жегідей жеп жатқанда президенттің әлемдік мәселелерге алаңдауына не себеп болғаны белгісіз. Айтпақшы, БҰҰ мінберінен мұндай әлемдік мәселелерді экс-президент, қазіргі елбасы Н.Назарбаев та талай айтқан. Қазіргі президентте шамамен бұрынғы президенттің айтқанымен мазмұндас сөз айтты деуге болады. Тоқаевтың әлемдегі тұрақсыздыққа алаң көңілін әлемдік державалар мен БҰҰ ұйымына мүше мемлекеттер қалай қабылдап, қалай бағалайтыны, Қазақстан басшысының сөзіне құлақ асып, одан нәтиже шығара ма, жоқ па ол жағына уақыт төреші.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.