07-11-19 | 12:50
Тоқаевтың тапсырмасымен ғалымдар қабылдаған латын әліпбиі.
Тоқаевтың тапсырмасымен ғалымдар қабылдаған латын әліпбиі

6 қарашада Алматыда тіл ғалымдары жиналып, президент Қ.Тоқаевтың “тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіру керек” деген тапсырмасына сәйкес ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізіп, латын әліпбиінің жаңа нұсқасын бірауыздан қабылдаған қарар жариялады. Кезекті нұсқа тағы қызу талқыға түсті. Төменде ғалымдар қабылдаған қарар мен жаңа латын әліпбиінің жаңа нұсқасын қос беріп отырмыз.

arasha.kz

 

«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ:
Тіл мамандарының ортақ тұжырымы»
атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстелдің

ҚАРАРЫ

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіру керек» деген тапсырмасын орындау мақсатында
• Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның Қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі жұмыс тобы
• Халықаралық Түркі академиясы
• Қазақстан халқы Ассамблеясы
• Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
• Назарбаев университеті
• ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
• Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
• Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
• Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
• Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
• Халықаралық түріктану орталығы
• Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
• Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті
• Еуразия ғылыми-зерттеу институты
• Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
• Мемлекеттік тілді дамыту институты
• Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

және республиканың басқа жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының тіл мамандары 2019 жылғы 6 қарашада өткізілген «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ: Тіл мамандарының ортақ тұжырымы» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстелде төмендегідей қарар қабылдады:

1. Бірауыздан төмендегі Қазақ тілінің латыннегізді әліпбиі қабылдансын:

Ескерту 1:
1. [й] дыбысы y әрпімен беріледі.
2. [і] дыбысының [ы] сыңары ұқсас ı таңбасымен беріледі.
3. w әрпімен қазақтың төл дауыссыз дыбысы таңбаланады: taw, sawap.

Ескерту 2:
Халықаралық практикаға сәйкес, кейбір кірме дыбыстар төл дыбыстарды таңбалайтын әріптермен беріледі. Бұл мәселе арнайы ережемен реттеледі –
4. [і] әрпімен төл сөздерде [і] дыбысы (ini, kim, til, din) және кірме сөздерде [и] дыбысы (ministr, internet [министр, интернет]) таңбаланады.
5. [u] әрпімен төл сөздердегі [ұ] дыбысын да (ult, tul, tur, Nur-Sultan), кірме сөздерде кездесетін дауысты [у] дыбысын да (universitet, prokuratura) таңбалаймыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.