18-10-19 | 13:55
Тоғыз айдың ішінде отыз мыңнан астам адам Қазақстаннан шетелге кеткен.
Тоғыз айдың ішінде отыз мыңнан астам адам Қазақстаннан шетелге кеткен

Жыл басынан бері яғни тоғыз ай ішінде Қазақстаннан 31 287 адам кетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3550 адамға (27 737 адам) артық.

Статистика комитетінің есебіне қарағанда, 2019 жылы Қазақстанға қоныс аударғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 11,9 пайызға азайған.

Ал келгендер саны, кеткендер санынан 12,8 пайызға артқан. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүріп жатыр. ТМД елдерінен келген және осы елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 81,3 пайыз және 91 пайыз болды.

Сондай-ақ ел ішінде қоныс аударғандардың саны 23,5 пайызға артқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.