13-09-19 | 11:39
Тойларға бюджеттен қанша ақша бөлінеді?.
Тойларға бюджеттен қанша ақша бөлінеді?

Елімізде алдағы үш жылда Республикалық қазынаға 36 триллион теңге түседі екен. Алайда  бюджеттегі бос орынды толтыру үшін бұл сома жетпейтін көрінеді. 2020 жылдан бастап қазынаға жыл сайын 11 триллион теңге түседі деп болжанса, шығын 40 триллионды құрайды екен. Бұл туралы парламентте алдағы үш жылға жоспарланған бюджет көлемін таныстыру барысында айтылды.  Аталған сомманың ішінде тұлғаларымыздың мерейтойлары мен атаулы мерекелерге де аз қаражат бөлінбейтін сияқты.

– Ұлттық жобаларды іске асыруға бюджеттен 3,8 миллиард теңге бөлінбек: оған Абайдың 175 жылдығы, Әль-Фарабидың мерейтойы, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы кіреді, – деді Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға келесі жылы 1,5 триллион теңге бөлу жоспарланған, ал Ұлттық компанияларды қаржыландыруға 5 триллион бөлінбек.

Бюджет саясатын сынға алған экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің желідегі парақшасында квазимемсектор мемлекеттік қаражатты жеп ғана жатқан жоқ, жұмыс орындары құрылатын жекеменшік орта және шағын бизнестің дамуына да мүмкіндік бермей отыр деп есептейді.

– Үкіметтің экономикалық блогы қолдап, жүздеген млрд. теңгені квазимемсекторға бөліп отырғанда ол эономикадағы жұмыс орындарын жойып жатыр. Мұны нақты түсіну керек”, -дейді  М. Тайжан.

Бюджеттің мұнайдан бөлек кірісі 6,5 триллион теңге болса, мұнайдан 4 триллион теңге кіріс кіреді екен. Экономист Мұхтар Тайжан мұнайсыз 40%-ға банкротпыз деп баға берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.