10-06-21 | 08:49
Тоқаев адам құқығы туралы жаңа заңға қол қойды.
Тоқаев адам құқығы туралы жаңа заңға қол қойды

Президент Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы шаралары туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бүгін тиісті жарлыққа қол қойылды. Үкіметке оны орындау үшін шұғыл шаралар жоспарын қабылдауға тапсырма берілді», – деп жазды мемлекет басшысы.

Заңда адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітіліп, мынадай жұмыс бағыттарын көзделді:

– БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;

– адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

– мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;

– әйелдерге қатысты кемсітуді жою; бірлесу бостандығына құқық;

– пікір білдіру бостандығына құқық; адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;

– адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk