09-04-21 | 18:40
Тоқаев әкімдерге сапасыз жолды дұрыстауды бұйырды.
Тоқаев әкімдерге сапасыз жолды дұрыстауды бұйырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдардың сапасы сын көтермейтіні туралы айтты. Президент
тұрғындардың наразылық тудыратын мәселені шешуді Үкімет пен әкімдерге тапсырды.

«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр», – дейді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды түзетуді тез қолға алуды тапсырды. 

«Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым», – деді мемлекет басшысы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.