Тоқаев: АҚШ-пен достық қатынаста болғанды қалаймын.
Тоқаев: АҚШ-пен достық қатынаста болғанды қалаймын

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада өтіп жатқан Қатар экономикалық форумының «In Conversation with President Tokayev» арнайы панельдік сессиясы барысында АҚШ-пен достық қарым-қатынаста болғысы келетінін баса айтты.

Жиын барысында модератор Қазақстан басшысына АҚШ Президентінің ОПЕК аясында мұнай өндіру көлемін арттыру мәселесіне күш салып жатқаны туралы сұрақ қойды.

«Байден әкімшілігі Сауд Арабиясы билігінен мұнай көлемін арттыруды талап етіп отыр. АҚШ Президенті Джо Байденнің саясаты ОПЕК-ке тиімді ме? Сіз ОПЕК-тің энергоресурстарды өндіру көлемін арттыруды қолдайтыны туралы естідіңіз бе? Байденнің бұл мәселеге көзқарасы оңды ма?” – деді модератор Манус Крэнни.

«Мен сіздің сұрағыңызға жауап беруге қиналып тұрмын. Мен Қазақстан Президентімін және Америка Құрама Штаттарымен ашық әрі достық қарым-қатынаста болғанды қалаймын”, – деді Тоқаев. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk