Тоқаев Атыраудағы жағдайға алаңдады.
Тоқаев Атыраудағы жағдайға алаңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселесіне қатысты арнайы кеңес өткізді. Президент «Орал-Атырау» тас жолына баса назар аударуды тапсырды. Жол оқиғасынан қаза болғандар көбейген.

Президент келтірген деректерге сүйенсек, биыл екі ай ішінде «Орал-Атырау» тас жолы бойында 7 жол-көлік оқиғасы болып, 17 адам қазаға ұшырады. Бір ғана жол апатынан 15 бала жетім қалды.

«Облыста жол апатының жиілеп кетуі бәрімізді, ең алдымен, жергілікті азаматтарды алаңдатады. Былтыр өңірде 232 жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан 69 адам, соның ішінде 6 бала қайтыс болды. Мұндай ахуал жыл сайын қайталануда. Әсіресе, «Орал-Атырау» тас жолына баса назар аударған жөн»,- деді Тоқаев.

Аймақтағы республикалық маңызы бар жолдардың 85 пайызы және облыстық маңызы бар жолдардың 61 пайызының ахуалы орташа жағдайда.

«Орал-Атырау» тас жолының аймақ үшін стратегиялық маңызы зор. Барлық жолаушы және жүк тасымалы осы жол арқылы өтеді. Автожолдың бойында көлік тұрағы жоқтың қасы. Шын мәнінде, жолдың сапасы көңіл көншітпейді»,- деді президент.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk