Тоқаев бір топ оқушыны сүйреп кеткен оқиғаны бақылауына алды.
Тоқаев бір топ оқушыны сүйреп кеткен оқиғаны бақылауына алды

Алматыда мас күйінде көлік жүргізіп, мектептен қайтқан төрт қызды көлігімен сүйреп кеткен 54 жастағы тұрғын қамауға алынды. Күдікті көлікке ішімдік ішкен күйінде отырған. Жантүршігерлік оқиғаны ел президентінің өзі бақылауға алды, деп хабарлайды Arasha.kz

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр.

Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі», – деп жазды Берік Уәли.

Еске салсақ, 3 наурыз күні Алматы облысында 54 жастағы ер адам мектептен қайтқан төрт қызды қағып кетті. Үш оқушының жағдайы ауыр.

Полиция тергеуді бастады. Ведомствода УАЗ жүргізушісі, 54 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде болғанын айтты. Ол қазір қамауда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.