Тоқаев конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты референдум өткізуді ұсынды.
Тоқаев конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты референдум өткізуді ұсынды

Президент Қ.Тоқаев конституцияға енетін өзгерістерге қатысты жалпыхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы президент Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті жиынын барысында мәлімдеді.

«Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едім. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», – деді президент.

Қазақстанда соңғы рет 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекілген кезде референдум өткен еді.

Президент Жаңа Қазақстан, екінші респбулика саяси бағыттарды жариялаған соң, конституцияға өзгерістер енетіні де айтылған. Арнай құрылған жұмыс тобы конституцияға өзгерістерді жасады, соның ішінде экс-президент Н.Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалаушы болып конституцияға енуі қоғамда қарсылық тудырды. Мемлекеттің құқықтық негізі болып саналатын аса маңызды – конституцияға енетін өзгерістерге референдум өткізу керектігі де қоғам тарапынан айтылған еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.