25-11-20 | 12:23
Тоқаев: “Нұр Отан” 21 трлн теңгеге бес жылда әлеуметтік мәселелерді шешпек.
Тоқаев: “Нұр Отан” 21 трлн теңгеге бес жылда әлеуметтік мәселелерді шешпек

Билікте отырған “Нұр Отан” партиясы 21 триллион теңгеге бес жылда ауқымды әлеуметтік мәселелерді шешпек. Бұл туралы партияның кезекті съезінде сайлауалды бағдарлама туралы айтқан президент  Қ.Тоқаев мәлімдеді.

“Бірінші президент Н.Назарбаев жасаған бес институтциоалды реформа мен ұлт жоспары сынды жүйені жаңғыртуға серпін беру керек. Осы мақсатта біз 2025 жылға дейінгі “Өзгеріс жолы – лайықты өмір” сайлауалды бағдарламасын қабылдап отырмыз. Бұл әбден ойластырылған, уақыт талабына жауап беретін құжат. Экономикадағы қиындыққа қарамастан үкімет пен “Нұр Отан” бірлесіп, алдағы бес жылда бағдарламаның орындалуын 21 триллион теңгеге іске асырмақ”, – деді президент.

Партияның съезінде мәжіліске кандидаттар тізімі бекітілмек. Кеше өтен саяси кеңес бюросының отырысында 126 адам съезге ұсынылған еді.

фото: inform.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk