12-05-20 | 17:37
Тоқаев прогрессив табыс салығы туралы айтты.
Тоқаев прогрессив табыс салығы туралы айтты

Алматыға іссапары барысында президент Қ.Тоқаев прогрессив табыс салығы туралы айтты.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында Үкіметке берген жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді” деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Қазақстан Президентінің пікірінше, бұл жаңалықтың мақсаты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету. Мұндай жүйе бірқатар мемлекетте қолданылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығын 7 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс деп санайды. Яғни, қазіргі 10 пайыздық мөлшерлемеден төмен болады. Ал, айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 пайыздық мөлшерлеме сақталады.
Президент жылына 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеме көлемі артуы тиіс деген пікірде. Мөлшерлеме көлемін Үкіметтің комиссиясы анықтайды. Бұл ретте Мемлекет басшысы жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек деп есептейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk