26-05-20 | 21:25
Тоқаев Путиннің шақыртуын қабыл алды.
Тоқаев Путиннің шақыртуын қабыл алды

Фото: Алексей Дружинин / ТАСС

Президент Қ.Тоқаев Ресей президенті В.Путиннің Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін жеңіс парадына шақыртуын қабыл алғанын хабарлады.

“Бүгін Ресей Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында 24 маусым күні Қызыл алаңда өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырту алдым. Шақыртуды ризашылықпен қабылдадым” деп жазады президент.

Бұған дейін Тоқаев еуразиялық экономикалық одағына мүше елдер басшыларының жиынында ЕЭО-ның кейбір экономикалық саясатын сынай сөйлеп, ел ішінде қолдау тапқан еді. Алайда сол күннің ертесінде Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады. Ресей елшілігі бұл кездесуден жазған хабарламасында “Екі ел еуразиялық одақ аясындағы екіжақты ынтымақтастықты табанды түрде жалғастыруға уағдаласты” делінген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk