Тоқаев Тәжікстанға барады.
Тоқаев Тәжікстанға барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады. Сапар аясында Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріледі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«19-20 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады», – деп жазды ол Facebook-те.

Сапар аясында ел президенттері шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізеді. Онда саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамытуға басымдық беріледі деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, 1 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан президенті қырғыз-тәжік шекарасында қалыптасқан шиеленісті ахуалға байланысты алаңдаушылық білдіріп, бұл жағдай көрші мемлекеттер мен олардың азаматтарына қауіп төндіретінін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.