01-03-20 | 20:03
Тоқаевтың дүнгендермен кездесуі: Балаларыңыз қазақ тілін үйренуі керек.
Тоқаевтың дүнгендермен кездесуі: Балаларыңыз қазақ тілін үйренуі керек

фото: akorda.kz

1 наурызда президент Қ.Тоқаев Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы қақтығыс болған ауылдарға барды. Сапар кезінде мемлекет басшысы дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесті.

Тоқаев Қордай ауданында болған қақтығыстың артта қалғанын, енді тату-тәтті өмір сүру керектігін айта келіп, дүнгендерді балаларын солтүстік облыстарға жіберуге жәнен қазақ тілін үйренуге шақырған.

“Сіздердің балаларыңыз қазақ тілін үйренуі керек. Сондай-ақ орыс тілі мен өзінің ана тілін де білуі қажет. Мемлекет сіздердің мәдениеттеріңіз бен дәстүрлеріңізді сақтап, дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Дегенмен сіздер, әсіресе, ауылда тұратын азаматтар мемлекеттік тілді білгендеріңіз аса маңызды.

Қазақстан – байтақ әрі бай мемлекет. Еліміздің солтүстігінде құнарлы жерлер бар. Біз неге бір жерде ғана тұрақтауымыз керек? Балаларыңызды солтүстікке, шығысқа қарай жіберіңіздер. Солтүстік, батыс, оңтүстік, шығыста сіздердің балаларыңызға жұмыс істеп, ақша табуға мүмкіндік мол, – деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Масанши ауылында қақтығыс болып, 10 адам қаза тауып, көптеген адам зардап шеккен еді. Оқиғадан соң облыс, аудан, ауыл әкімдері және полиция басшылары ауысты. Қақтығысқа қатысты 90 іс қозғалды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.