Трамп Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін оқытуды жетілдіруге көмектеспек.
Трамп Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін оқытуды жетілдіруге көмектеспек

Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың АҚШ ресми сапарында сөз болған мәселелер туралы Ақ үйдің веб-сайты Назарбаев пен Трамптың кездесуінен шағын шолу жасапты. Онда назар аударатын бірер мәселе бар. Біріншіден, Трамп Қазақстанды дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы өз міндеттерін орындауға шақырды. Екіншіден, АҚШ президенті Қазақстанда ағылшын тілін білу деңгейін көтеруге үндеп, мектептерде ағылшын тілін оқытудың әдістемесін жетілдіруге көмек беруге дайын екенін айтқан. Үшіншіден, екі ел басшылары санкциялардың Қазақстан экономикасына болжаусыз кері әсерін тигізбеу мәселесінде кеңесіп тұруға уағдаласты. Тағы бір маңызды іс ол – АҚШ тың Орта Азия елдеріне бағытталған С5+1 жобасы. Назарбаев бұл жобаның дамуына мүдделі екенін жеткізіпті. Бірақ Американың бұл жобасы Ресейдің шамына тиіп, елдің сыртқы істер министрі Лавров қатқыл мәлімдеме жасап та үлгерді. Қытай үнсіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.