18-10-19 | 13:32
Трамп Ердоғанды көндірді.
Трамп Ердоғанды көндірді

Түркия Сириядағы күрдттерге қарсы әскери операциясын тоқтатын болды. Екі жарым сағатқа созылған келіссөзден соң Түркия президенті Режеп Ердоған АҚШ вице-президенті Майкл Пенспен осындай келісімге келген. Бұл хабарды АҚШ президенті Д.Трамп сүйіншілеп Twitter-дегі парақшасында жазды.

Әуелі атыс 120 сағатқа тоқтайды. Осы уақыт ішінде күрдтер жасағы әскери операция аумағынан шығып үлгеруі тиіс. Бұдан соң Анкара әскери операцияны толығымен аяқтайды. Пенстің айтуынша, Вашингтон Анкараға жаңа санкция салмайды, ал бұған дейінгі шектеулер атыс тоқтағаннан кейін алынбақ жазады Азаттық.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.