21-09-20 | 10:46
Трамп: «Қытай мен Ресей бізге қызғанышпен қарайды».
Трамп: «Қытай мен Ресей бізге қызғанышпен қарайды»

Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ-тың «әлемдегі ең мықты» қаруға ие екендігін, ал Қытай мен Ресей оған қызғанышпен қарайтындығын айтты. Америка басшысы әскери мақсатқа 2,5 триллион доллар жұмсағанын жеткізді. Бұл жайында Fox News-ке сілетеме жасаған ТАСС агенттігі хабарлады.
«Біз әскери күштердің қуатын қайта қалпына келтірдік, Қытай мен Ресейге қарап отырып мұны өте қажетті іс деп санаймын», – деді ол. Трамп сонымен бірге «Вашингтонға Мәскеуге қарағанда Бейжің көбірек қауіп төндіреді. Маған дейін бұл елдерге қарсы қатаң саясатты ешкім жүргізген жоқ», – деп мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың 2021 жылға арналған бюджет жобасында Ресей мен Қытай басты қауіп деп көрсетілген. Ақ үй Ресеймен күресуге 700 миллион доллар бөлуді ұсынған. Бұл қаражат АҚШ-тың Еуропадағы, Еуразиядағы және Орталық Азиядағы одақтастарын қолдауға, ортақ қауіпсіздікті арттыруға жұмсалмақ. Бұған қоса, Ресейдің ақпараттық саясатымен күресуге 24 миллион доллар қарастырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk