17-10-19 | 15:41
Трамптың хаты: Ақымақ болма!.
Трамптың хаты: Ақымақ болма!

АҚШ президенті Д.Трамп Түркия Сирияда әскери операция жасаудан сәл бұрын Түркия президенті Ердоғанға хат жазған. Хаттың көшірмесін foxnews  журналисі Триш Реган жариялады.

Хатта Трамп Ережеп Тайп Ердоғанға: “Пайдалы келісімге келейік. Сен мыңдаған адамның қырылып-жойылуына жауапты болғың келмейді. Ал мен Түркия экономикасының қирауына жауапкер болғым келмейді. Бірақ маған оны істеуге тура келеді. Ақымақ болма! Сәлден соң қайта хабарласам”, -деп жазған. Сондай-ақ Трамп Сирия демократиялық күштерінің басшысы генерал Мазлум сөйлесуге дайын екенін де айтқан.

Ақ үй Трамптың Ердоғанға жария болғандай хат  жазған растаған.

Хат 9 қазанда жазылған. Дәл сол күні Түркия Сирияда әскери операция бастады. Ердоған партиялас жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде: “Күрд терроршылары қаруларын тастаған күні операция өзінен өзі тоқтайды”, -деп мәлімдеген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.