25-02-20 | 19:12
Түрік компаниясы келісімшартты бұзғаны үшін Қазақстанға 6,7 млрд теңге төлейді.
Түрік компаниясы келісімшартты бұзғаны үшін Қазақстанға 6,7 млрд теңге төлейді

Сингапурдегі Халықаралық төрелік орталығының шешімімен Түркияның «Tasyapi Insaat Taahhut San. ve Ticaret A.S.» компаниясы Қазақстанда жол құрылысы бойынша жасалған келісімшартты бұзғаны үшін Қазақстан республикасына  6,7 млрд теңге төлейтін болды деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Түркияның «Tasyapi Insaat Taahhut San. ve Ticaret A.S.» компаниясымен Ақтөбе -Мақат 120 километрлік тас жолын реконструкциялау және салу  бойынша  18 млрд теңгелік келісімшартқа отырған.

Құрылыс кезінде түрік компаниясы құрылыс алаңына техникасын уақытында жеткізбегендіктен келісімшарт бұзылған. Осыдан кейін құрылыс компаниясы келісімшарттың бұзылуы негізсіз деп Қазақстанды Сингапурдегі Халықаралық төрелік орталығына сотқа берген. Арызданушы тарап Қазсқаннан $6,5 млн өндіргісі келген. Алайда сот шешімді Қазақстанның пайдасына шешті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.