28-03-20 | 14:33
Түркіменстанда коронавирус туралы айтуға тыйым салынды.
Түркіменстанда коронавирус туралы айтуға тыйым салынды

Гурбангулы Бердымухамедов. Фото: globallookpress

Түркіменстанда коронавирус туралы айтуға тыйым салынған. Бұл туралы azathabar жазады.

Azathabar-дың тілшісі хабарлағандай, Түркіменстанда коронавирус туралы айтқан адамдарды азаматтық киімдегі арнайы қызмет адамдары ұстап алып кетеді.

“Елде коронавирус туралы кез келген әңгіме айтқан адамды ұстап алып кетеді. Кезекте, аялдамада, автобусте жұрттың әңгімесін арнайы орган адамдары тыңдайды” деп хабарлған 26 наурызда Ашхабадтағы Azathabar тілшісі.

Түркіменстан билігі осылайша, ел ішінде коронавирус туралы дабырдың алдын алмақ ойда көрінеді.

Соңғы бір аптадан бері Түркіменстанда коронавирустың таралуына қарсы шаралар күшейген. Ел астанасына келуге және ел ішінде азаматтардың жүріп тұруы шектелген. Жолда және қоғамдық орында азаматтардың дене қызуы өлшеніп жатқан көрінеді.

Наурыз айының басында Түркіменстан президенті коронавирустан адыраспан арқылы қорғануға шақырған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk