19-03-21 | 14:22
Түркістан еліміздегі кедей аймақтар қатарында.
Түркістан еліміздегі кедей аймақтар қатарында

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі кедейлік деңгейі жоғары аймақтарды атады. Өткен жылдың қорытындысына бойынша Түркістанда халықтың күнкөріс деңгейі төмендеген.

«Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2020 жылғы IV тоқсанда 4,6%-ды құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,8 пайызға жоғары», – деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. 

Бюро ұсынғандай, 2020 жылдың IV тоқсанында кедейлік деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Түркістан (10,3%), Солтүстік Қазақстан (5,8%) және Маңғыстау (5,7%) облыстарында байқалды, ал ең төмені Нұр-Сұлтан қаласында (1,5%) тіркелді.

«Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2020 жылғы IV тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,7 есені, азық-түлік емес тауарларға – 8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,5 есені құрады», – делінген хабарламада. 
 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.