17-02-21 | 09:26
Түркістанда үш жасөспірімді қағып кеткен көлікке іздеу салынды.
Түркістанда үш жасөспірімді қағып кеткен көлікке іздеу салынды

Түркістан облысында үш баланы көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен «Ауди-100» маркалы автокөлікке іздеу салынды. Бүлдіршіннің бірі ауруханада қайтыс болды.

Оқиға 14 ақпан күні тіркелді.  Қазір 16 және 13 жас шамасындағы балалар түрлі дене жарақаттарымен ем қабылдауда. Ауыр дене жарақатын алған 4 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Аталған дерекке қатысты тәріп сақшылары бірден тексеру жұмыстарын бастады.

Оқиға кешкі сағат 17:50 шамасында Жетісай ауданындағы Ерубаев көшесі бойында болған. Белгісіз автокөлік 3 жасөспірімді қағып, оқиға орнынан жасырынған.

Аталған факті Жетісай аудандық полиция бөлімінде қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») және қылмыстық кодекстің 347-бабы («Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

«Аудан полицейлері күдіктіні анықтауға қатысты жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнын тиянақты тексерген тәртіп сақшылары белгісіз автокөліктің артқы жарық шамдарының сынықтары мен айна сынықтарын тапты. Олардың «Ауди-100» маркалы көлігіне тиесілі және көліктің түсі сұр-қара болуы ықтимал екенін болжауда. Сол себепті осы болжамға сәйкес Жетісай ауданындағы «Ауди-100» маркалы автокөліктер тыңғылықты тексерілуде», – деп нақтылады полиция қызметкерлері.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.