17-10-20 | 10:54
Түркия Қырым аннексиясын ешқашан мойындамайды.
Түркия Қырым аннексиясын ешқашан мойындамайды

«Түркия Қырымға жасалған заңсыз аннексияны мойындамайды және ешқашан мойындаған емес». Ыстамбұлда украиндік әріптесі Владимир Зеленскиймен кездескен Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған осылай деп мәлімдеді. «Түркия Қырымды қоса алғанда, Украинаның аумақтық тұтастығы мен саяси бірлігін қолдайды», – деді ол. Тараптар Қырым мен Севастополь қаласын басқыншылықтан босатуға, Донецк пен Луганск облыстарының кейбір аудандарына Украинаның бақылауын орнатуға бірлесіп күш салатындарын айтты. Анкара сонымен бірге Украинаның болашақта НАТО-ға кіруін қолдап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Эрдоған 2019-шы жылдан бері Қырым аннексиясын заңсыз деп айтып жүр. Ол Қырым татарларын Түркия мен Украинаны байланыстыратын тарихтың бір бөлігі деп санайды.

Фото www.aa.com.tr

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk