Тыр жалаңаш әйелді көрген жұрт сасып қалды (видео).
Тыр жалаңаш әйелді көрген жұрт сасып қалды (видео)

Өскеменде қолына бала ұстап көшеде тыр жалаңаш жүрген әйел жұртты таңғалдырды. Гагарин бульварында жолдан өтіп бара жатқан азаматшаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Бағдаршамға тоқтаған жүргізушілердің бірі оған көмек жасамақ болған. Алайда, әйел айғай шығарып түсініксіз әрекеттер жасады. Осыдан кейін азаматшаны полиция алып кетті. «Біз 1987 жылғы азаматшаны арнайы мекемеге жеткіздік. Қазір дәрігерлер оның ақыл-есінің дұрыстығын анықтап жатыр. Ал нәрестені ана мен бала орталығына табыс еттік»,- деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Әйгерім Нұрғазина.

Назар салыңыздар! Балағат сөздер бар

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk